Құжаттарды басып шығару

Қағаз салу

  1. Қағаз науасының ашылғанына көз жеткізіңіз.

  2. Қағаз енін бағыттауыштарды сырғытып соңына дейін ашыңыз.

  3. Қағазды қағаз науасына қойыңыз. Басып шығарылатын жағы төмен қаратылуы қажет.

  4. Қағаз дестесін тоқтағанша принтердің ішіне қарай итеріңіз.

  5. Қағаз енін бағыттауыштарды қағаздың шетіне тиетіндей етіп жылжытыңыз.

    Сызбалық - Қағаз салу

Құжатты басып шығару

  1. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймесін басыңыз.

  2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.

  3. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймені басыңыз.

    Бағдарламалық құралға байланысты бұл түйме Свойства (Сипаттар), Опции (Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Printer Properties (Принтер сипаттары), Printer (Принтер) немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.

  4. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.

    • Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдаңыз.

    • Қағаз/шығару аумағындағы Допонительный (Қосымша) түймесін басыңыз, Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз.

    Қосымша басып шығару опцияларын көру үшін Дұрыс басып шығару туралы кеңестер бөлімін қараңыз.

  5. Сипаттар диалогтық терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.

  6. Басып шығаруды бастау үшін Печать (Басып шығару) немесе OK түймесін басыңыз.

Беттің екі жағында басып шығару

  1. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймесін басыңыз.

  2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.

  3. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймені басыңыз.

    Бағдарламалық құралға байланысты бұл түйме Свойства (Сипаттар), Опции (Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Printer Properties (Принтер сипаттары), Printer (Принтер) немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.

  4. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.

    • Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдаңыз.

    • Қағаз/шығару аумағындағы Допонительный (Қосымша) түймесін басыңыз, Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз.

    Қосымша басып шығару опцияларын көру үшін Дұрыс басып шығару туралы кеңестер бөлімін қараңыз.

  5. Орналасу қойындысында Екі жағында басып шығару ашылмалы мәзірінен Ұзын жиегі немесе Қысқа жиегі параметрін таңдаңыз.

  6. Басып шығару үшін OK түймесін басыңыз.

    Жазба 

    Құжаттың бір беті басылып шыққан соң, бірнеше минут күте тұруыңызды сұрайды. Содан кейін принтер қағаздың басқа жағына басып шығару үшін автоматты түрде кері қайта салады. Қағазды қолмен қайта салу қажет емес.