Сканерлеуді принтердің басқару тақтасынан немесе компьютерден бастауға болады. Бір бетті сурет файлына жылдам сканерлеу қажет болса, басқару тақтасынан сканерлеуге болады. Бірнеше бетті бір файлға сканерлеу, сканерлеудің файл пішімін анықтау немесе санерленген суретке түзетулер жасау қажет болса, компьютерден сканерлеңіз.
Сканерлеуді дайындау
Құжаттарды автоматты түрде салатын құралға түпнұсқаны басып шығарылатын жағын жоғары қаратып салыңыз немесе сканер әйнегіне төмен қаратып салыңыз.
Түпнұсқаны салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз.
Сканерлеуді бастаңыз.
Принтер басқару тақтасынан сканерлеу
Принтер дисплейіндегі Главная (Басты) экранынан Сканерлеу таңдаңыз және OK түймесін басыңыз.
Кеңес
Сканерлеу параметрін принтер дисплейінен көрмесеңіз, Главная (Басты) түймесін басып, содан соң Сканерлеу параметрін көргенше Жоғары және Төментүймелерін басыңыз.
Принтер дисплейінен сканерлегіңіз келетін компьютерді таңдаңыз, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Компьютердің принтер дисплейінде тізімделмегенін көрсеңіз, компьютердің принтерге сымсыз немесе USB кабелі арқылы қосылғандығына көз жеткізіңіз. Сымсыз қосылым бар болса және қосылымның дұрыс жұмыс істеп тұрғанын растасаңыз, бағдарламада сымсыз қосылым арқылы сканерлеуді қосу қажет.
Компьютер арқылы сканерлеу
Операциялық жүйеге қарай принтер бағдарламалық құралы ашу үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз.
Windows 8: Пуск (Бастау) экранында экрандағы бос аймақты тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарламалар тақтасындағы Все программы (Барлық бағдарламалар) түймесін басып, кейін принтер аты бар белгішені басыңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінде Пуск (Бастау) түймесін басыңыз, Все программы (Барлық бағдарламалар) белгішесін таңдаңыз, HP басыңыз, HP Officejet 4630 series басыңыз және содан кейін HP Officejet 4630 series басыңыз.
принтер бағдарламалық құралы ішіндегі Басып шығару, сканерлеу және факс белгішесін басыңыз, содан кейін Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу параметрін таңдаңыз.
Тіркесім мәзірінен қажетті сканерлеу түрін таңдап, Сканерлеу түймесін басыңыз.
Жазба
Сканерлеуді алдын ала қарап алу экранын көрсету параметрі таңдалса, алдын ала қарап алу экранында сканерленген суреттерге түзетулер жасау қажет болады.
Басқа бетті сканерлеу үшін бағдарламаны ашық қалдырғыңыз келсе, Сақтау түймесін басыңыз немесе бағдарламаны жабу үшін Дайын түймесін басыңыз.
Сканерленген бет сақталғаннан кейін, Windows Explorer терезесі сканерленген бет сақталған каталогта ашылады.
Жазба
Сканерлеу функциясы бір мезгілде қосулы тұратын компьютерлер саны шектеулі болады. Принтерде Сканерлеу параметрін таңдап және ағымдағы уақытта сканерлеу үшін қол жетімді компьютерлерді көресіз.