Фотосуреттерді басып шығару

Фотосурет қағазын салу

  1. Қағаз науасының ашылғанына көз жеткізіңіз.

  2. Қағаз енін бағыттауыштарды сырғытып соңына дейін ашыңыз.

  3. Қағаз науасынан барлық қағазды алып тастаңыз, кейін фотосурет қағазының басылып шығарылатын бетін төмен қаратып салыңыз.

  4. Фотосурет қағаздарының бумасын тоқталғанша принтердің ішіне қарай итеріңіз.

  5. Қағаз енін бағыттауыштарды фотосурет қағаздарының шетіне тиетіндей етіп жылжытыңыз.

    Сызбалық - Фотосурет қағазын салу

Фотосуретті фотосурет қағазында басып шығару

  1. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймесін басыңыз.

  2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.

  3. Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймені басыңыз.

    Бағдарламалық құралға байланысты бұл түйме Свойства (Сипаттар), Опции (Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Printer Properties (Принтер сипаттары), Printer (Принтер) немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.

  4. Қажетті параметрлерді таңдаңыз.

    • Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдаңыз.

    • Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз өлшемін таңдау үшін Допонительный (Қосымша) түймесін басыңыз.

    Қосымша басып шығару опцияларын көру үшін Дұрыс басып шығару туралы кеңестер бөлімін қараңыз.

    Жазба 

    Ең көп нүкте/дюйм ажыратымдылығы үшін Бумага/Качество (Қағаз/Сапа) қойындысына өтіп, Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен Фото бумага (Фотосурет қағазы) параметрін және Quality Settings (Сапа параметрлері) үшін Высшее качество (Ең жақсы сапа) дегенді таңдаңыз. Содан соң, Дополнительное (Қосымша) түймесін басып, Да (Иә) параметрін Максимум пиксель/дюйм (Ең үлкен нүкте/дюйм өлшемі) ашылмалы тізімінен таңдаңыз. Сұр реңкте ең көп нүкте/дюйм ажыратымдылығын басып шығарғыңыз келсе, Сұр реңкте басып шығару ашылмалы тізімінен Жоғары сапалы сұр реңкі параметрін таңдаңыз.

  5. Сипаттар диалогтық терезесіне оралу үшін ОК түймесін басыңыз.

  6. Басып шығару диалогтық терезесінде OK түймесін басып, Басып шығару немесе OK түймесін басыңыз.

Жазба 

Басып шығару аяқталғаннан кейін пайдаланылмаған фотосурет қағазын қағаз науасынан алып тастаңыз. Фотосурет қағазын бұратылмайтындай етіп орнатыңыз, дұрыс орналастырмау басып шығару сапасының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін.