HP Officejet 4630 series қағаз науасына бір немесе бірнеше хатқалта салуға болады. Жылтырақ немесе бедерлі хатқалталарды немесе қыстырғыштары мен терезелері бар хатқалталарды пайдаланбаңыз.
Жазба
Хатқалталарда пішімдеу жолдарын білу үшін word бағдарламасындағы анықтама файлдарын қараңыз.
Хатқалталарды салу
Қағаз науасының ашылғанына көз жеткізіңіз.
Қағаз енін бағыттауыштарды сырғытып соңына дейін ашыңыз.
Хатқалталарды науаның ортасына қойыңыз. Басып шығарылатын жағы төмен қаратылуы қажет. Жиек сол жаққа қойылуы қажет.
Хатқалталар бумасын принтердің ішіне тоқталғанша итеріңіз.
Қағаз енін бағыттауыштарды хатқалталардың шетіне тиетіндей етіп жылжытыңыз.

Хатқалтаны басып шығару
Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймесін басыңыз.
Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
Свойства (Сипаттар) диалогтық терезесін ашатын түймені басыңыз.
Бағдарламалық құралға байланысты бұл түйме Свойства (Сипаттар), Опции (Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Printer Properties (Принтер сипаттары), Printer (Принтер) немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
Қажетті параметрлерді таңдаңыз.
Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдаңыз.
Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз өлшемін таңдау үшін Дополнительный (Қосымша) түймесін басыңыз.
Қосымша басып шығару опцияларын көру үшін Дұрыс басып шығару туралы кеңестер бөлімін қараңыз.
Басып шығару диалогтық терезесінде OK түймесін басып, Басып шығару немесе OK түймесін басыңыз.