Сканнер әйнегін тазалаңыз және бөтен заттар жабыспағанына көз жеткізіңіз.
Басып шығарылған беттің контрастын көбейту немесе азайту үшін принтер дисплейінен Көшіру түймесін таңдап, контрастты реттеу үшін Светл./темнее (Ашықтау/Қараңғылау) параметрін таңдаңыз.
Басып шығарылған беттің қағаз өлшемін және қағаз түрін таңдау үшін принтер дисплейінен Көшіру түймесін таңдаңыз. Көшіру мәзірінен қарапайым немесе фотосурет қағазын және фотосурет қағаз өлшемін таңдау үшін Тип бумаги (Қағаз түрі) параметрін таңдаңыз.
Сурет өлшемін өзгерту үшін принтер дисплейінен Көшіру параметрін таңдап, Изменение размера (Өлшемін өзгерту) параметрін таңдаңыз.