USB қосылымын сымсыз желі қосылымына өзгерту

Бірінші, принтерді орнатсаңыз және USB кабелімен принтерді компьютерге тікелей жалғау арқылы бағдарламаны орнатсаңыз, сымсыз қосылымға оңай өзгертуге болады. Сымсыз маршрутизаторды немесе кіру нүктесін қамтитын 802.11b/g/n сымсыз желісі қажет болады.

Жазба 

HP Officejet 4630 series құрылғысы 2,4 Гц пайдаланатын қосылымдарға ғана қолдау көрсетеді.

USB қосылымынан сымсыз желіге өзгертуден бұрын келесі әрекеттерге көз жеткізіңіз:

USB қосылымын сымсыз желіге өзгерту

  1. Операциялық жүйеге байланысты келесі әрекеттердің бірін орындаңыз.

    • Windows 8: Пуск (Бастау) экранындағы бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарлама тақтасындағы Все программы (Барлық бағдарламалар) түймесін басыңыз.

    • Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінде Бастау түймесін басып, Барлық бағдарламалар тармағын таңдаңыз, содан кейін HP түймесін басып, HP Officejet 4630 series түймесін басыңыз.

  2. Принтерді орнату және бағдарламалық құрал параметрін таңдаңыз.

  3. Изменить USB-подключение принтера на беспроводное (Принтердің USB байланысын сымсыз байланысқа ауыстыру) тармағын таңдаңыз. Экрандағы нұсқаулықтарды орындаңыз.