Қолдау процесі

Егер ақаулық туындаса, мына қадамдарды орындаңыз:

  1. Принтермен бірге берілген құжатты тексеріңіз.

  2. HP компаниясының желідегі қолдау қызметі веб-сайтына www.hp.com/support мекенжайы бойынша өтіңіз.

    HP компаниясының онлайн қолдау қызметі барлық HP өнімін тұтынушылар үшін қол жетімді. Бұл принтер туралы соңғы ақпарат және маман көмегін алу үшін жылдам көз болып табылады және мына мүмкіндіктерді қамтиды:

    • Білікті желідегі қолдау қызметі мамандарымен жылдам хабарласу

    • Принтерге арналған бағдарламалық жасақтама мен драйвер жаңартулары

    • Жалпы ақаулықтарға арналған ақаулықтарды жою туралы құнды ақпарат

    • Белсенді принтер жаңартулары, қолдау көрсету ескертулері және принтерді тіркеген кезде қол жетімді болатын HP жаңалықтары

  3. HP қолдау қызметіне телефон шалыңыз.

    Қолдау көрсету мүмкіндіктері мен олардың болу-болмауы принтер, ел/аймақ және тіл бойынша әр түрлі болады.