Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз www.hp.com/global/us/en/eprint/mobile_printing_apps.html.
Принтердегі HP wireless direct қосылғандығын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Принтерге маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы қосыңыз бөлімін қараңыз.
Мобильді құрылғыдағы Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
Жазба
Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, HP wireless direct пайдалану мүмкін емес.
Мобильді құрылғыдан жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу нүктесіне қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. HP-Print-**-Officejet 4630 series сияқты сымсыз желілер тізімінен HP wireless direct атауын таңдаңыз, мысалы (бұл жердегі ** принтерді анықтау үшін берілген бір мәнді таңбалар болып табылады).
Егер HP wireless direct қауіпсіздікпен қосылған болса, онда ұсынылған кезде құпия сөзді енгізіңіз.
Құжатты басып шығарыңыз.