Принтердегі HP wireless direct қосылғандығын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Принтерге маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы қосыңыз бөлімін қараңыз.
Компьютердің Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты компьютерде берілген құжаттан қараңыз.
Жазба
Компьютеріңіз Wi-Fi байланысын қолдамайтын болса, HP wireless direct пайдалану мүмкін емес.
Компьютерден жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу нүктесіне қосылуға пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. HP-Print-**-Officejet 4630 series сияқты көрсетілген сымсыз желілер тізімінен HP wireless direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі ** принтерді анықтау үшін берілген бір мәнді таңбалар болып табылады).
Егер HP wireless direct қауіпсіздікпен қосылған болса, онда ұсынылған кезде құпия сөзді енгізіңіз.
Егер принтер орнатылып сымсыз желі арқылы компьютерге қосылған болса, 5 қадамға өтіңіз. Егер принтер орнатылып компьютерге USB кабелі арқылы қосылған болса, HP wireless direct қосылымын пайдаланатын принтер бағдарламалық құралы орнату үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 8: Пуск (Бастау) экранында экранның бос аймағына тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, кейін бағдарлама панеліндегі Все программы (Барлық бағдарламалар) түймешігін басып, Установка принтера и ПО (Принтерді орнату және бағдарламалық жасақтама) белгішесін басыңыз.
Windows 7, Windows Vista және Windows XP: Компьютердің жұмыс үстелінде Пуск (Бастау) түймешігін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар) тармағын, HP тармағын таңдаңыз да, HP OFFICEJET 4630 series тармағын басыңыз және одан кейін Установка принтера и ПО (Принтерді орнату және бағдарламалық жасақтама) белгішесін басыңыз.
Жаңа принтер қосу параметрін таңдаңыз.
Параметры подключения (Байланыс параметрлері) бағдарламалық жасақтама экраны пайда болған кезде Беспроводной (Сымсыз) параметрін таңдаңыз.
Анықталған принтерлер тізімінен HP OFFICEJET 4630 series таңдаңыз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Құжатты басып шығарыңыз.