Енгізілген веб-серверді ашу

Wireless Direct (Тікелей сызмсыз) байланысы немесе желі арқылы енгізілген веб-серверге кіре аласыз.

Желі арқылы енгізілген веб-серверді ашыңыз

Жазба 

Принтер желіде және оның IP мекенжайы болуы қажет. Принтердің IP мекенжайын Сымсыз түймесін басу немесе желі конфигурациясының бетін басып шығару арқылы табуға болады.

Компьютердегі қолдау көрсетілетін веб-шолғышта құрылғыға тағайындалған IP мекенжайды немесе хост атауын енгізіңіз.

Мысалы, IP мекенжайы 192.168.0.12 болса, келесі мекенжайды веб-шолғышқа енгізіңіз: http://192.168.0.12.

Wireless Direct байланысы арқылы енгізілген веб-серверді ашыңыз

  1. Принтер басқару тақтасынан Сымсыз қосылым түймесін басып, Параметрлер бөлімін таңдаңыз.

  2. Дисплей wireless directӨшірулі күйде екенін көрсетсе, Wireless Direct функциясын таңдаңыз, содан кейін On without Security (Қосулы (Қауіпсіздік жоқ)) немесе On (With Security) (Қосулы (Қауіпсіздік бар)) параметрін таңдаңыз.

  3. Сымсыз компьютерден сымсыз қосылымды қосып іздеңіз және wireless direct атауына қосылыңыз, мысалы: HP-Print-XX-Deskjet Deskjet 3510 сериялы Егер wireless direct қауіпсіздігі қосулы босла, нұсқау берілгенде wireless direct құпия сөзін енгізіңіз.

  4. Компьютеріңіздегі қолдау көрсетілетін веб-шолғышқа келесі мекенжайды енгізіңіз: http://192.168.223.1.