Қалыпты факсты компьютерден жіберу

 Көшірмесін басып шығармай және оны принтерден  факс ретінде жіберу арқылы  құжатты компьютерге факс ретінде жіберуге болады.

Жазба 

Компьютер арқылы осы әдіспен жіберілген факстер Интернет қосылымын немесе компьютер модемін қолданбай, принтердің факс қосылымын қолданады. Сондықтан, принтердің  жұмыс істейтін телефон желісіне қосылғандығын, сондай-ақ, факс қызметінің орнатылғанын және дұрыс жұмыс істейтіндігін тексеріңіз.

Осы мүмкіндікті қолдану үшін принтермен бірге берілген ықшам дискідегі НР бағдарламалық құралындағы орнату бағдарламасын қолданып принтердің бағдарламалық құралын орнату қажет.

Қалыпты факсті компьютер арқылы жіберу

  1. Факс жіберілетін компьютердегі құжатты ашыңыз.

  2. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймешігін басыңыз.

  3. Название (Аты) тізімінен атауында «факс» делінген принтерді таңдаңыз.

  4. Параметрлерді өзгерту үшін (мыс., құжатты  қара түсті факс немесе  түсті факс ретінде жіберуді таңдау), Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз. Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции (Опциялар), Установка принтера (Принтерді орнату), Принтер (Принтер) немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.

  5. Параметрлерді өзгерткеннен кейін OK түймешігін басыңыз.

  6. Печать (Басып шығару) немесе OK түймешігін басыңыз.

  7. Алушы үшін факс нөмірін және басқа мәліметтерді енгізіп, факс үшін басқа да параметрлерді өзгертіңіз және Отправить факс (Факс жіберу) түймешігін басыңыз. Принтер факс нөмірін теруді және құжатты факс арқылы жіберуді бастайды.