Мониторда теру параметрі кәдімгі телефннан тергендей принтер басқару панелінен нөмірді теруге мүмкіндік береді. Мониторда теру параметрін қолданып факс жіберу кезінде нөмірді теру, телефон дыбысын немесе спикер арқылы басқа да дыбыстарды естисіз. Бұл теру кезінде ескертулерге жауап беру, сондай-ақ, терудің жылдамдығын басқару мүмкіндіктерін қосады.
Кеңес
Телефон картасын қолданып жатсаңыз, PIN кодты жеткілікті жылдам енгізбеңіз, принтер факстың дыбыстық сигналдарын тым жақын арада жіберуі мүмкін және ол PIN кодтың телефон картасының қызметі арқылы танылмауын туғызуы мүмкін. Осындай жағдай туындаса, телефон картасына арналған PIN кодты сақтау үшін жылдам теру жазбасын жасауға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Жылдам теру жазбаларын орнату бөлімін қараңыз.
Жазба
Теру дыбыстық сигналын есту үшін дыбыстың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Принтердің басқару тақтасында мониторда теруді қолдану арқылы факс жіберу
Әйнектің оң жақ алдыңғы бұрышына түпнұсқа бетін төмен қаратып салыңыз немесе құжаттарды автоматты түрде салатын құралға түпнұсқа бетін жоғары қаратып салыңыз.
Түпнұсқаны салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз.
Принтер дисплейіндегі Главная (Басты) экранында Жоғары және Төмен түймелерін Факс таңдау үшін басыңыз, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Қара немесе Түрлі-түсті факс параметрін таңдаңыз.
Құжаттарды автоматты түрде салатын құралға түпнұсқаның салынғандығын принтер анықтаса, теру дыбыстық сигналын естисіз.
Түпнұсқа сканер әйнегіне қойылса, Отправить факс из стекла (Әйнектен факс жіберу) параметрін таңдаңыз.
Теру дыбыстық сигналды естігенде, принтердің басқару панеліндегі пернетақтаны қолдану арқылы нөмірді енгізіңіз.
Туындауы мүмкін кез келген ескертулерді орындаңыз.
Факс құрылғысының жауаптарын алған кезде факс жіберіледі.