Қара және ақ түстегі факсты кейінгі 24 сағат ішінде жіберілетін етіп жоспарлауға болады. Бұл телефон желілері бос болатын және телефон төлемінің көрсеткіштері төмен кезде, кешкі уақытта қара және ақ түстегі факсты кейінірек жіберуге мүмкіндік береді. Принтер көрсетілген уақытта факсты автоматты түрде жібереді.
Тек қана бір факсты бір уақытта жіберілетін етіп жоспарлауға болады. Факс жоспарланған кезде, факстарды қалыпты түрде жіберуді жалғастыруға да болады.
Жазба
Жадтан тек қана қара және ақ түсті факсті жібере аласыз.
Принтердің басқару тақтасынан факс жіберу
Құжаттарды автоматты түрде салатын құралға түпнұсқаны басып шығарылатын жағын жоғары қаратып салыңыз.
Түпнұсқаны салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Түпнұсқаларды салу бөлімін қараңыз.
Принтер дисплейіндегі Главная (Басты) экранында Жоғары және Төмен түймелерін Факс таңдау үшін басыңыз, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Параметрлер тармағын таңдаңыз, содан кейін Факс жіберу параметрін таңдаңыз.
Жоғары және Төмен түймелерін басу арқылы факстің кідіріс уақытын енгізіңіз, содан кейін растау үшін OK түймесін басыңыз.
Теру дыбыстық сигналын естігенде, принтердің басқару панеліндегі пернетақтаны қолдану арқылы нөмірді енгізіңіз.
Сканерлеу түймесін таңдаңыз, содан кейін Бастау параметрін таңдаңыз.
Принтер барлық беттерді сканерлейді және жоспарланған уақытта факсті жібереді.
Жоспарланған факстан бас тарту
Принтер дисплейіндегі Главная (Басты) экранында Жоғары және Төмен түймелерін Факс таңдау үшін басыңыз, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Параметрлер тармағын таңдаңыз, содан кейін Факс жіберу параметрін таңдаңыз.
Жойғыңыз келетін жіберілген факсті таңдаңыз, содан кейін Жою түймесін таңдаңыз.