Факстың тақырыпшасы жіберілетін әрбір факстың жоғарғы жағында атауды және факс нөмірін басып шығарады. HP компаниясы принтермен бірге берілген НР бағдарламалық құралын қолдану арқылы факс тақырыпшасын орнатуды ұсынады. Осы жерде сипатталғандай принтердің басқару тақтасын қолдану арқылы да факс тақырыпшасын орнатуға болады.
Жазба
Кейбір елдерде/аймақтарда факс тақырыпшасының мәліметтері заңмен талап етіледі.
Факс тақырыпшасын орнату немесе өзгерту
Принтер дисплейіндегі Главная (Басты) экранында Жоғары және Төмен түймелерін Факс таңдау үшін басыңыз, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Параметры (Параметрлер) түймесін таңдаңыз, содан кейін Факс тақырыбы параметрін таңдаңыз.
Жеке немесе компания атын және факс нөмірін енгізіңіз, содан кейін Готово (Дайын) түймесін басыңыз.