Авто жауап беру параметрі қосулы болса, кіріс қоңырауларына автоматты түрде жауап берілмес бұрын қанша қоңыраулар қабылданатынын көрсетуге болады.
Басып шығару орындалмас бұрын қоңырауға құрылғының жауа беруін қалайтындығыңыздықтан, принтер сияқты сол телефон желісінде жауап беру құрылғысы бар болса Жауап берілетін қоңыраулар параметрі маңызды болып табылады. Принтерге жауап беру үшін орнатылған қоңырауларды саны жауап беру құрылғысына жауап беру үшін орнатылған қоңыраулардың санынан жоғарырақ болуы қажет.
Мысалы, жауап беру құрылғысын қоңыраулардың төмен санына орнатыңыз және принтерді қоңыраулардың ең үлкен санына орнатыңыз. (Ең үлкен қоңыраулардың саны елге/аймаққа байланысты әртүрлі болады). Осы орнатылымда жауап беру құрылғысы қоңырауға жауап береді және принтер желіні басқарады. Егер принтер факс сигналдарын анықтаса, ол факсты қабылдап алады. Егер қоңырау дыбыстық қоңырау болса, жауап беру құрылғысы кіріс хабарын жазып алады.
Жауап бермес бұрын қоңыраулардың санын орнату
Принтер дисплейіндегі Главная (Басты) экранында Жоғары және Төмен түймелерін Факс таңдау үшін басыңыз, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Параметрлер тармағын таңдаңыз, содан кейін Қосымша параметрлер тармағын таңдаңыз.
Қоңырау параметрлері тармағын таңдап, Звонки для ответа (Жауап берілетін қоңыраулар) параметрін таңдаңыз.
Қоңыраулар санын өзгерту үшін жоғары және төмен көрсеткілерді басыңыз.
Параметрді қабылдау үшін Готово (Дайын) түймесін басыңыз.