Көптеген телефон компаниялары бір телефон желісінде бірнеше телефон нөмірі болатын арнайы қоңырау мүмкіндігін ұсынады. Осы қызметке жазылған кезде әрбір нөмір әр түрлі қоңырау үлгісіне тағайындалады. Нақты қоңырау үлгісі бар кіріс қоңырауларына жауап беретін етіп принтерді орнатуға болады.
Арнайы қоңырауы бар желіге принтерді қосқан кезде, телефон компаниясы дыбыстық қоңырауларға арналған бір қоңырау үлгісін және факс қоңыраулары үшін басқа қоңырау үлгісін тағайындайды. НР компаниясы факс нөмірі үшін екілік немесе үштік қоңырауларды сұрауды ұсынады. Принтер арнайы қоңырау үлгісін анықтаған кезде, қоңырауға жауап береді және факсты қабылдап алады.
Кеңес
Арнайы қоңырауды орнату үшін принтердің басқару тақтасындағы қоңырау үлгісін анықтау мүмкіндігін де қолдануға болады. Осы мүмкіндік арқылы принтер қоңырауды танып, кіріс қоңырауының үлгісін жазып алады және осы қоңырауға негізделіп факс қоңырауларына телефон компаниясы тағайындаған арнайы қоңырау үлгісін автоматты түрде анықтайды.
Арнайы қоңырау қызметі болмаса, Барлық қоңыраулар болатын арнайы қоңырау үлгісін қолданыңыз.
Жазба
Басты телефон нөмірі қабылдағыш болмаса, принтер факстарды қабылдай алмайды.
Арнайы қоңырау үшін қоңырауға жауап беру үлгісін өзгерту
Принтердің факс қоңырауларына автоматты түрде жауап берілетін етіп орнатылғанын тексеріңіз.
Принтер дисплейіндегі Главная (Басты) экранында Жоғары және Төмен түймелерін Факс таңдау үшін басыңыз, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Параметрлер тармағын таңдаңыз, содан кейін Қосымша параметрлер тармағын таңдаңыз.
Қоңырау параметрлері тармағын таңдаңыз, содан кейін Арнайы қоңырау параметрін таңдаңыз.
Бірдей телефон желісінде бірнеше нөмір болғандықтан бұл параметрлердің өзгертілмейтіндігі туралы хабар көрсетіледі. Жалғастыру үшін Да (Иә) түймесін басыңыз.
Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Факс қоңыраулары үшін телефон компаниясы арқылы тағайындалған қоңырау үлгісін таңдаңыз.
-Немесе-
Определить автоматически (Автоматты түрде анықтау) параметрін таңдап, принтердің басқару тақтасындағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
Жазба 1 
Қоңырау үлгісін анықтау мүмкіндігі қоңырау үлгісін анықтамаса немесе ол аяқталмас бұрын мүмкіндікті алып тастаған болсаңыз, қоңырау үлгісі автоматты түрде әдепкі күйге орнатылады, ол Все звонки (Барлық қоңыраулар) болып табылады.
Жазба 2 
Ішкі және сыртқы қоңыраулар үшін әртүрлі қоңырау үлгілері бар жеке телефон станциясы (PBX) телефон жүйесін қолданып жатқан болсаңыз, факс нөміріне сыртқы нөмірден қоңырау шалу қажет.