Интернетті қолдану арқылы принтермен факстарды жіберуге және қабылдап алуға мүмкіндік беретін төмен бағадағы қызметке жазылуыңызға болады. Бұл әдіс интернет протоколы арқылы факс жіберу (FoIP) деп аталады.
Келесі жағдайда интернет протоколы арқылы факс жіберу қызметін қолдануыңыз мүмкін (телефон компаниясы арқылы берілген):
Факс нөмірімен бірге а рнайы қатынас кодын теріңіз немесе
Факс қосылымы үшін аналогты телефон порттарын беретін және Интернетке қосылымды беретін IP түрлендіргіш қорапша бар.
Жазба
Принтерде «1-LINE» деп белгіленген портқа телефон сымын жалғау арқылы тек қана факстарды алуға және жіберуге болады. Бұл Интернетке қосылымды түрлендіргіш қорапша (факс қосылымдары үшін жүйелі аналогты телефон ұяларын береді) немесе телефон компаниясы арқылы жасалуы қажет дегенді білдіреді.
Кеңес
Интернет протоколының телефон жүйелері арқылы дәстүрлі факс тасымалдауларына қолдау көрсету жиі шектеулі болады. Факс жіберу бойынша ақаулықтар туындаса, жай факс жылдамдығын қолданып немесе факс қатесін түзету күйін (ECM) ажыратып көріңіз. Дегенмен, қатені түзету күйін ажыратқан болсаңыз, түсті факстарды жіберу немесе қабылдап алу мүмкін болмайды. (Факс жылдамдығын өзгерту туралы қосымша ақпарат алу үшін Факс жылдамдығын орнату бөлімін қараңыз. Қатені түзету күйін қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін Факсты қатені түзету күйінде жіберу бөлімін қараңыз.
Интернет арқылы факс жіберу туралы сұрақтарыңыз болса, Интернет бойынша факс жіберу қызметтеріне қолдау көрсету бөлімімен немесе қайта көмек алу үшін жергілікті қызмет көрсетушімен байланысыңыз.