Принтерді әрбір жіберілетін және қабылдап алынатын факс үшін қате есептерін және растау есептерін басып шығаратын етіп орнатуға болады. Талап етілгенде жүйенің есептерін қолмен басып шығаруға да болады; Бұл есептер принтер туралы пайдалы жүйе мәліметтерін береді.
Әдепкі бойынша принтер факсты жіберу немесе қабылдап алу кезінде ақаулық болғанда ғана есепті басып шығаратын етіп орнатылады. Факстың сәтті жіберілгенін анықтайтын растау хабары әрбір таратудан кейін басқару тақтасының дисплейінде аз уақытқа көрсетіледі.
Жазба 1 
Есептер түсініксіз болса, басқару тақтасынан немесе НР бағдарламалық құралынан анықталған сия деңгейлерін тексеріңіз.
Жазба 2 
Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана бағалауларды береді. Төмен сия деңгейі туралы ескертуді алған кезде, ықтимал басып шығару кешігулерін болдырмау үшін ауыстыратын картридждың болуын қарастырыңыз. Оны орындау сұралмайынша картридждарды ауыстырудың қажеті жоқ.
Жазба 3 
Басып шығару механизмдерінің және сия картридждарының жақсы жағдайларда болуын және дұрыс орнатылуын қамтамасыз етіңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Сия картридждерімен жұмыс істеу бөлімін қараңыз.
Осы бөлімде келесі тақырыптар бар: