CE белгілерімен таңбаланған өнімдер төмендегі EU нұсқауларына сәйкес келеді:
Төмен кернеуге арналған 2006/95/EC нұсқауы
Электромагниттік сәйкестік туралы 2004/108/EC EMC нұсқауы
Экодизайн туралы 2009/125/EC нұсқауы, қолданыста болғанда
CE өнімінің сәйкестігі тек қана дұрыс CE белгісімен таңбаланған HP компаниясы шығарған адаптермен зарядтағанда ғана қамтамасыз етіледі.
Өнім сымды және/немесе сымсыз байланыс желісі арқылы телекоммуникациялық функцияны қамтитын болса, ол төмендегі ЕО директивасының негізгі талаптарына да сәйкес келеді:
Радиотелебайланыс жабдығына арналған 1999/5/EC нұсқауы
Көрсетілген нұсқауларға сәйкестік өнім немесе өнім жанұясына арналған НР компаниясы ұсынған, ЕО сәйкестік декларациясында тізімделген келісілген Еуропа стандарттарына (Еуропа нормаларына) да сәйкестікті білдіреді және бұл нұсқауларды (ағылшын тілінде ғана) өнім құжаттамасында немесе мына веб-сайтта көруге болады: www.hp.com/go/certificates (іздеу аймағына өнім нөмірін теріңіз).
Сәйкестік өнімде орналасқан бір немесе бірнеше төменде көрсетілген белгілермен таңбаланған:
![]() |
Телекоммуникациялық емес өнімдер үшін және 10 мВт-тан төмен қуаттылық сыныбына кіретін Bluetooth® сияқты ЕО сәйкестендірілген телекоммуникациялық өнімдері үшін. |
![]() |
Сәйкестендірілмеген ЕО телекоммуникация құралдарына арналған (өкілетті органның 4 сандық идентификаторлық нөмірі СЕ белгісінің жанында қажетінше қойылады). |
Өнімде берілген зандық нормаларға сәйкестік жапсырмасын қараңыз.
Өнімнің телекоммуникациялық функциясы төмендегі ЕО пен Еуропалық еркін сауда қауымдастығы елдерінде пайдаланылады: Австрия, Бельгия, Болгария, Кипр, Чех Республикасы, Дания, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Венгрия, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словения, Словакия, Испания, Швеция, Швейцария және Ұлыбритания.
Телефон қосқышы (барлық өнімдер үшін қолданыста болмайды) аналогтық телефон желілеріне қосылуға арналған.
Сымсыз жергілікті желі құрылғылары бар өнімдер
Кейбір елдерде бөлме ішінде ғана пайдалану немесе қол жетімді каналдарды шектеулер сияқты сымсыз жергілікті желілерді іске қосу туралы арнайы міндеттер немесе арнайы талаптар болуы мүмкін. Сымсыз желінің ел параметрлерінің дұрыстығын тексеріңіз.
Франция
Өнімнің 2,4-ГГц жиілігімен жұмыс істейтін сымсыз жергілікті құрылғыларына арнайы шектеулер қолданылады: Өнімді іште 2400-МГц пен 2483,5-МГц аралығындағы барлық жиілік ауқымында (1-13 арналар) пайдалануға болады. Сыртта тек 2400-МГц пен 2454-МГц аралығындағы жиілік ауқымын (1-7 арналар) пайдалануға болады. Соңғы талаптарды www.arcep.fr веб-торабынан қараңыз.
Заңдық мәселелер туралы сұрақтарыңыз болса, мына мекенжайға хабарласыңыз:
Hewlett-Packard GmbH, Dept./MS: HQ-TRE, Herrenberger Strasse 140, 71034 Boeblingen, GERMANY