HP ePrint

HP ePrint — HP компаниясының кез келген жерде, кез келген уақытта Интернет арқылы қосылған принтерде басып шығару мүмкіндігін беретін тегін қызметі. Принтерде веб-қызметтерді қосқан кезде принтерге тағайындалған электрондық пошта мекенжайына электрондық пошта жіберу сияқты қарапайым. Ешбір арнайы драйвер немесе бағдарламалық құрал қажет етілмейді. Электрондық поштаны жібере алатын болсаңыз, HP ePrint қызметін қолданып кез келген жерде басып шығаруға болады.

ePrintCenter (www.hp.com/go/eprintcenter) сайтына тіркелгі алу үшін бір рет жазылғаннан кейін, HP ePrint жұмыс күйін қарауға, HP ePrint принтер кезегін басқаруға, басып шығару үшін HP ePrint электрондық пошта мекенжайын кім пайдалана алатынын бақылауға, HP ePrint анықтамасын алуға болады.

HP ePrint кез келген уақытта кез келген жерден HP ePrint қосылған принтеріне басып шығару мүмкіндігін береді.

HP ePrint қызметін пайдалану үшін келесі параметрлердің бар екенін тексеріңіз:

Жазба 1 

Электрондық пошта хабары алынған кезде басылып шығарылады. Кез келген электрондық пошта сияқты оның қашан алынатынына және алынбайтынына кепілдік берілмейді. Басып шығару күйін ePrintCenter (www.hp.com/go/eprintcenter) құрылғысында тексере аласыз.

Жазба 2 

Құжаттар мен HP ePrint бірге басып шығарғанда түпнұсқадан өзгеше болуы мүмкін. Түпнұсқалық құжаттан мәнері, пішімі және мәтін ағымы өзгеше болуы мүмкін. Жоғарғы сапамен басып шығарылуы тиіс (ресми құжаттар сияқты) құжаттарды, басып шығару құжаты қалай көрінетінін басқару үшін компьютердегі бағдарламадан басып шығаруға кеңес береді.

Кеңес 

HP ePrint параметрлерін басқару және конфигурациялау, сондай-ақ ең соңғы мүмкіндіктерді үйрену туралы қосымша ақпарат алу үшін ePrintCenter (www.hp.com/go/eprintcenter) сайтын қараңыз.

HP ePrint арқылы басып шығару

  1. Веб-қызметтерді қосу параметрін таңдаңыз.

    1. Принтердің басқару тақтасындағы ePrint түймесін басыңыз.

    2. Пайдалану шарттарына келісіп, веб-қызметтерді қосу үшін экрандағы нұсқаулықтарды орындаңыз.

    3. ePrint ақпарат бетін басып шығарып, HP ePrint есептік жазбасына жазылу үшін беттегі нұсқаулықтарды орындаңыз.

  2. Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын ашыңыз.

    Жазба 

    Компьютерде немесе мобильді құрылғыда электрондық пошта бағдарламасын қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін бағдарламамен берілген құжатты қараңыз.

  3. Жаңа электрондық пошта хабарламасын жасап, басып шығарылатын файлды тіркеңіз.

  4. Электрондық пошта хабарламасының «Кімге» жолына принтердің электрондық пошта мекенжайын енгізіп, электрондық пошта хабарламасын жіберу үшін параметрді таңдаңыз.

    Жазба 

    Кез келген электрондық пошта мекенжайын «Жасырын көшірме» өрісіне қоспаңыз; бұл өріс бос болуы қажет. Егер электрондық пошта мекенжайы немесе принтер мекенжайы «Жасырын көшірме» өрісінде болса, тапсырма басылып шығарылмайды.

Принтердің электрондық пошта мекенжайын табу

  1. Басқару тақтасында ePrint түймесін басыңыз. Принтер дисплейінен Параметры веб-служб (Веб-қызмет параметрлері) мәзірін көресіз.

  2. Принтердің электрондық пошта мекенжайларын көрсету үшін принтер дисплейінде Показать адрес эл. почты (Электрондық пошта мекенжайын көрсету) белгішесін таңдаңыз.

    Кеңес 

    Электрондық пошта мекенжайын реттеу үшін принтер дисплейіндегі Параметры веб-служб (Веб-қызмет параметрлері) мәзірінде Печать сведений (Ақпарат туралы бетті басып шығару) белгішесін таңдаңыз. Принтер принтер кодын және электрондық пошта мекенжайын реттеу жолы туралы нұсқаулықтарды қамтитын ақпараттық бетті басып шығарады.

ePrint құрылғысын өшіру

  1. Басқару тақтасында ePrint түймесін басыңыз. Принтер дисплейінен Параметры веб-служб (Веб-қызмет параметрлері) мәзірін көресіз.

  2. Принтер дисплейінен ePrint бөлімін таңдаңыз, содан соң Өшіру тармағын таңдаңыз.